https://sad-shanyrak.kz/kz/ata-anamen-zh-mys.html#sigFreeId391c5da48b
https://sad-shanyrak.kz/kz/ata-anamen-zh-mys.html#sigFreeId09631f21b6
Ата-аналармен тренинг
Тақырыбы: «Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі»
Тренингті өткізу мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау.
Тренинг мақсаты: Ата-ана – балабақша-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын арттыру.
Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу.
Жоспары:
1.Мотивациялық кезең
- Ата-аналардытопқа бөлу
- Топқа тапсырмалар беру ( ата- аналар сахналап көрсетеді)
- Сергіту сәті: «Кім жылдам?»
- «Жанұя бақыты» жаттығуы
- Сөйлемді аяқта...
- .«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
8.«Бір стақан су » жаттығуы
9 .Қорытынды: Рефлексия
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Барысы:
1.Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
1.Ата-аналарды топқа бөлу
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны
айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты,
табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры
ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
https://sad-shanyrak.kz/kz/ata-anamen-zh-mys.html#sigFreeId66a7e864ee
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек
отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін
жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен
келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.(әр
топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.
Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.
Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.
Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз.
Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз
жемісін береді.
Стикерге ата аналар балаларына тілек жазып, осы ағашқа жапсырады.
Бүгінгі сіздермен бас қосуымыздың басты мақсаты – ата-ана – балабақша-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз. Ендеше бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-өз отбасы. Олай болса отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу
арқылы сіз бен біз боп ой бөліссек.
Топтарға тапсырма беру( ата-аналар сахналап көрсетеді).
1топ. Тәрбиешілер күнде сізге балаңыздың топтағы балаларды ұратыны туралы шағым айтады. Сіздің әрекетіңіз? (Балаңыздың осы қылығын қойдыру үшін үйге келгеннен кейін балаңызбен сөйлесу диалогын көрініс ретінде көрсетеңіздер),
(себебін анықтау,баланы мақтау, қолпаштау, құшақтау, бетінен сүю, осы қылығыңды қойсаң мен саған ертегі оқып берем т.б. стимул ретінде не ұсыныр едіңіз)
(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
2 топ. Балаңыз бала бақшадан ойыншықты рұқсатсыз үйге алып кетеді, сіз оны үйге барғанда көресіз. Сіздің әрекетіңіз? ( диалог)
3топ. Балаңыз үйге келгеннен кейін барлық ойыншықтарын бүкіл үйдің ішіне шашып тастады, жина десеңіз тіліңізді алмайды, Сіздің әрекетіңіз? ( диалог)
4 топ.
Сіздің балаңыздың оқу үлгерімі нашарлап кетті, тәрбиешілер тарапынан шағымдар жиі айтылады, балаңыздың сабаққа барғысы келмейді. Сіздің әрекетіңіз?
5 топ: Сіздің балаңыз атасы мен әжесінің тәрбиесінде болған,ал қазір балаңызды өз қолыңызға алдыңыз, бірақ, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
6 топ: Балаңыз күнде таңертең бала бақшаға бармаймын деп жылайды, не істейсіз?
7 топ: Балаңыз дүкенге кірген кезде қымбат ойыншықты сатып алып бер деп жылап тұрып алды, сіздің ақшаңыз жоқ. Сіздің әрекетіңіз? Осы қылығы бірнеше рет қайталанып отыр.
Сергіту сәті«Кім жылдам?» Доп беру арқылы сұрақтарға жылдам жауап алу.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешілердің толық аты- жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
7. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
8 Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?
9 Балаңыздың топтағы достары?
10. Балаңыздың бала бақшада үйренген қайдай тақпағын білесіз?
Ата-аналар берілген сұрақтарға тез жауап береді
https://sad-shanyrak.kz/kz/ata-anamen-zh-mys.html#sigFreeIdddc127fc72
-
«Жанұя бақыты» жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Жаттығуымыздың шарты бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
— сыйластық
-мейірімділік
-өзара түсінушілік
— татулық
— сүйіспеншілік
— денсаулық
— салауатты өмір салты
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.
https://sad-shanyrak.kz/kz/ata-anamen-zh-mys.html#sigFreeId32b3e3207e
-
“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
-
«Сиқырлы қобдиша»
Мақсаты: Бір-бірін бағалау, жылы лебіздерін біліру.
Нұсқау: Кәзір мен сіздерге сыйқырлы сандықты ұсынамын. Ішінде сөздер жазылған қағаздар бар, бәріміз бір-бірден аламыз. Ішіндегі сөзді ашып оқыймыз, өзіңіз осы сөзге лайықты деп тапқан адамға сыйлаймыз.
Қайсыңыз көп жинадыңыз?
Әрине барлығыңызда алған боларсыздар. Олай болса ортамызда жақсы жандардың бар екендігіне өзімізді бақытты деп сезінейік.
https://sad-shanyrak.kz/kz/ata-anamen-zh-mys.html#sigFreeIdeec112a872
8.«Бір стақан су» жатттығу
Мақсаты: ұстаздар арасында бір-бірімен жақсы қарым –қатынас орнату.
Нұсқау: Ортаға шығамыз. Шеңбер құрып тұрайық. Ойынға бәріміз белсене қатысуымыз керек. Бір стаканға су құйылған «Кемедегінің жаны бір »демекші, бәріміз бір терінің пұшпағын илеп отырандықтан. Ойын барысында қандай кедергілер болсын суды шайқап төкпеуіміз керек.Біз осы жаттығуда тұрамыз, билейміз, бір аяғымызды көтеріп тұрамыз, оңға бұрыламыз, солға бұрыламыз.т.б түрлі қимылдар жасаймыз.
- Ойын барысында қандай кедергілер болды?
- Осындай қиын сәттен шыға аласыздар ма?
- Серіктесіңіз өзін қалай ұстады?
https://sad-shanyrak.kz/kz/ata-anamen-zh-mys.html#sigFreeIdeec112a872
Қортынды: Міне көрдіңіздер ма? Бұл кісілер мақсатқа бірінші жететін кісілер себебі ештеңкеден қорықпайды. Әрине сіздерде жетесіздер бұл кісілер алға қойған мақсатарына бірінші жететін кісілер.
Стакандағы толтырылған су біздің ішіміздегі агрессиямыз яғни ішкі күйзеліс кейде төгілген су сияқты бір-бірімізді түсінбей жататын кездеріміз болады.
Осындай қамшының сабындай қысқа ғұмырда, барлығымыз бір - бірімізді түсініп бірлесе жұмыс жасасақ, алынбайтын қамал жоқ дегім келеді құрметті әріптестер!
«Рефлексия» (қорытындылау)
Тренингті формативті бағалайды, қолдарымен көрсету.
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді .
«Міне, осымен «Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі»
атты тренингіміз аяқталды. Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп -көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!.
Ата- аналарды,балаларды марапаттау.Алғыс хат,сыйлықтар табыс ету.
https://sad-shanyrak.kz/kz/ata-anamen-zh-mys.html#sigFreeId2bf01be5f9