Саласы : Таным
Тақырыбы : «Ғажайып білім әлемі».
Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Тіл байлықтарын дамыту .Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Буратино слайд. ,сандар- математика, жұмбақтар аялдамасы, геометриялық пішіндер, үйшіктер.карточкалар.
Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық. Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз
Үлкендерді көргенде
Сәлеметсіздер ме ? -деп
Амандасып аламыз.!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар : Жүрек
Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы. Балалар: Аспанымыз ашық болсын Күніміз жарқын болсын Еліміз тыныш болсын Ауырмайық , денсаулық болсын !Нанымыз көп болсын !Ата- анамыз аман болсын! Балабақша гүлдене берсін! Апайлар аман болсын ! Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы ....
Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.
Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі? Балалар:.қыс Қыс айларын атау, орысшасын атау.
Апта деген атайдың неше баласы бар? Жеті күнді атау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса қыс туралы кім тақпақ айтып береді, кім қыс туралы тақпақ біледі?
Малика- Қыс келді міне өмірге, Сыйлық әкелді бізге. Жаңа жылменен бірге
Арсен : Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады, Жып жылтыр боп жатады.
Айша: Балалар шықты далага, Ойнапкүліп жүр енді, Шаналармен озады, Аққаланы согады.
Жібек:Аппақ ,аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан, Қалың орман қар жамылган, Маужырайды түнгі аспан.
Айдын: Кел билейік,үйренеиік, Ол келгенше жаңа жыр, Құтты болсын,құтты болсын. Құтты болсын жаңа жыл!
Наргиза: қыста қармен ойнаймыз, Қызыққа біз тоймаймыз. Таудан төмен сырганап, Шаңгы ,шана тебеміз!
Тәрбиеші: Балалар енді «Қай ойыншық жоқ» ойынын ойнап жіберейік .Ойынның тәртібі: Ойыншықтар стол үстінде тұрады, балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып , қай ойыншықтың жоқ екенін тауып айтады. Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?
Буратино: Саламатсыздар ма балалар?
Балалар: Саламатсыз ба Буратино!
Буратино:Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме» ?
Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша
Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?
Тәрбиеші: Еш уайымдама, Буратино! Қане балалар Буратиноға көмектесеміз бе ?
Балалар: Иә, көмектесеміз ! Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратинога көрсетейік! «Ғажайып білім әлеміне»бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?
Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі тапсырмалар (оңай-қиын) қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек.
Тәрбиеші: балалар міне біз
1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз. Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты: 1-10, дейін тура және кері санау
2-ші аялдама бізге жұмбақтар жасырыпты. Екінші аялдама «Жұмбақтар» аялдамасы : Аяз қысып өрнек сызып, Терезені торлайды
Қарга омбыгып ,бет домбыгып ,Сырганап жастар ойнайды.Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Таңмен көзін ашады Әлемге нұрын шашады. (Күн) Тырс- тырс тамады Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
Дидактикалық ойын: «Сан және цифр»
Шартыпедагог әр балага 1-ден 5-ке дейінгі сандар жиынтыгын береді. Педагог саны жагынан әр түрлі заттардың суреті бар карточкаларды кезекпен көтереді. Ал балалар сол суретке тиісті санды көрсетеді . Сергіту сәті: «Бір қадам алга»
3-шіаялдама Пішіндер әлемі. «Құлыпты аш»
4-ші аялдама Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?» Буратиноның кілтін құрастыру
Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында , Буратиноның алтын кілті тұрады.) Тәрбиеші : Балалар қараңдаршы «Ғажайып білім әлемі. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.
Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Балдәурен» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.Мен сендерге сыйлыгым бар. (Буратино сыйлықтарын тарату)
Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды.
Қорытындылау: Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік? Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, қоштасайық қонақтармен.
Қол ұстасып тұрайық !
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық!