«Шаңырақ» бөбекжай балабақшасы

 

Тәрбиеші : Горяева А.М.

 

Тақырыбы:  «Жайдарлы көктем!»

 

Саласы:  Коммуникация . Сөйлеуді дамыту.

 

Тобы:  2-кіші топ.

 

Мақсаты:  Балаларға жыл мезгілдері туралы  білімдерін тиянақтау. Эмоционалдық жан күйін қалыптастыру. Суреттерге қарап айтып білуге талпындыру. Тілдерін жетілдіру.Тіл байлығын дамыту.Есте сақтау ,ойлау,тыңдау  қабілеттерін арттыру.  Балалардың бойына достық сезімдерін тәрбиелеу.

 

Әдіс –тәсілдері: сұрақ- жауап,көрсету,түсіндіру.слаид,ойын.ой қозғау.

 

Керекті құралдар: көрнекіліктер,бейнетақта,гүл күлтешелері.

 

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті қонақтар!

Балалар дұрыс тынышталып отырып, бір-бірімізге күлімдеп қарап,барлығымызға сәттілік тілейік!

Сабақты бастамас бұрын мақсатымыз бар ол: 

Бәрі:  --мен балабақшадамын ,мен сабақтамын.

--мен білімге талпынамын. –еңбек етуге дайынмын!

Қане балалар, бір бірімізге шаттық күлкі сыйлайық!


Шаттық шеңбер:

Кел ,балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік!

 

 

Жұмбақ жасыру.

Қар мұз еріп, су  көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады.  (Көктем)

 

Балаларға сұрақ :  Балалар жыл мезгілдерін атаңдаршы?

 

Тәрбиеші: Айару саган қандай жыл мезгілі ұнайды?

 

Айару:Жазда күн ыстық, көлге шомылууга болады. Сабақ бітіп жазғы демалыс басталады.

Малика саган қандай мезгіл ұнайды?

 

Малика :Күздің ұнайтын себебі ағаштардың түстері сары болады. Жеміс-жидектер  піседі. Күзде сабақ басталады. Күн суық бола бастайды.

 

 Тәрбиеші: Әділжан ,Ақтілеу,Ерсұлтан сендерге қандай жыл мезгілі ұнайды.?

 

 Балалар: Қыс  мезгілі ұнайды.Дала жер беті ақ қар .Көптеген  мерекелер оның ішінде Жаңа жыл болады,аяз ата келеді.

 

 Тәрбиеші: Аянат саган қандай жыл мезгілі ұнайды?

 

Аянат: -Көктем ең көңілді  жайдарлы жыл мезгілі. Дала жылынып,өсімдіктер,гүлдер өсіп шығады. Бұл мезгілде мерекелер көп.

Балалар кім тақпақ айтады?

Аянат:    көктем,көктем,көктемде,

               Құстар келіп жеткенде,

                Қуанып бір қаламыз

               Әнмен қарсы аламыз.

Ерсұлтан:   Көкке бояп өңірді,

                  Көктем келді көңілді

                  Бау-бақшада орманда

                 Құстар әні төгілді.

Айару:    Көктем қандай көңілді

                Күміс жаңбыр төгілді

Әділжан.  Мөлдір аспан ашылып,

                Күн пердесі сөгілді.

 

Тәрбиеші:     Балалар мен сендерге ойын алып келдім. «Мен айтамын сендер  орындайсыңдар».   Жол-жол бойынша оқып тұрамын.Сол оқып тұрған көріністі тақтада бейнелеисіңдер.

Жоғарыда ақша бұлт  күлімдеиді.

Арасынан  күн  нұрын шашса,

Ал төменде айдын көл  мөлдіреген,

Жағасында  екі аққу   орын тапса.

 

Д.О: «Гүл күлтешелерін  құрастыр»

Мақсаты:  жылдамдықтарын анықтау. Түстерді ажырата білу.Сөз,  сөйлем құрастырту  арқылы баланың есте сақтау қабылетін дамыту.

 

 

Сабақты қорытындылау. Сұрақ –жауап  .Мадақтау .