«Шаңырақ» бөбекжай - балабақшасы
Қорытынды ашық оқу-қызметі. Музыка.
Тақырыбы: «Сенсорлық тәрбие жөніндегі музыкалық-дидактикалық ойындар»
«Балдәурен» ересек тобы.
Музыка жетекшісі: Алдиярова Н.К
Мамыр 2021ж.
Бақшаішілік семинар: «Сенсорика әлеміне саяхат»
АҰОҚ тақырыбы: «Сенсорлық тәрбие жөніндегі музыкалық-дидактикалық ойындар»
Мақсаты: Балалардың сенсорлық тәрбиесін музыкалық-дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру. Балаларды түстермен таныстырып,оны ажырата білуге үйрету;
Міндеттері:
1.Заттардың түсі,пішіні,көлемі және басқа да қасиеттерін әуен арқылы қалыптастыру,музыканы тыңдау барысында ойлау қабілеттерін дамыту;
Түрлі музыка және сенсорикалық түстер арқылы ырғақты, дене қимылдарын сезінуге тәрбиелеу;
Сабақтың барысы: Сәлемдесу. Балалармен шаттық шеңберді әуенмен орындау. (Слайд бойынша)
Балаларға сенсорика ілімі жайында түсіндіріп өту. Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды.Дәл осы шақта баланың психикалық дамуының негізі қаланады.Балабақшадағы сенсорлық тәрбие- ақыл ой тәрбиесінің негізі, ал оны музыкалық әуенмен, ырғақты қимылдармен үйрету, заттардың саны,түстері,би қозғалыстары туралы түсініктерін қалыптастырады. Муз.сенсорикалық тәрбие- баланың көру, есту, ұстап көруін дамытады. Муз.дид.ойындар оқыту технологиясы бойынша оқу іс-әрекетінде қолданылады.
«Ойын арқылы бала дүниені таниды» -дейді Т.Тәжібаев. Ойын арқылы бала өздігінен ойлануға,жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамып, тілдік қоры молаяды.Ойын кезінде бала терең әсер алып, үлкен белсенділік көрсетіп,қисынды ойлау қабілеті күшейеді.
Дидактикалық ойындардың нәтижесі- балалардың білімді игеруде,ақыл-ой қызметін дамытуда,әуендерді ажыратуда, түр-түстерді табудағы көрсеткіші.
Муз.дид ойын: «Әуенді сағат»
Ойын материалы: Қатты картоннан істелінген жыл мезгілі сағаты.
Ойын барысы: Муз.жетекші таныс әннің әуендерін тыңдатады, Әуен тыңдалып болғаннан кейін балаларға қай ән,қай жыл мезгілдеріне арналған екенін сағат тілімен көрсетуді ұсынады. «Аққала», «Көктем», «Жаз келгенде», «Күз» әндерін кезекпен тыңдағаннан кейін бір бала шығады да, әр әуенге сәйкес келетін жыл мезгілін сағаттың тілімен көрсетеді.Ойын сағаттың тілі айналып келгенше жалғасады.
Муз-лық ырғақты ойын: «Жалау түсі не дейді?»
Ойын шарты: Түрлі-түсті жалаулар қажет.Жетекші қызыл түсті жалауды көрсеткенде марш жасау(солдаттар сияқты), көк түсті жалауға аяқ ұшымен жүру(балерина), сары түске (бір орында жеңіл секіру(стакатто), жасыл түске аяқты алдыға-артқа баса отырып қозғалу (вальс екпінінде), ақ түсті жалау көрсетілгенде бір орында қатып қалу.
Сергіту сәті: «Көңілді би билейміз» (Слайд-видео)
Қорытынды. Балаларға сұрақтар қойып, жауап алу.
Мадақтау. Қонақтармен қоштасу.