Қайырлы күн құрметті қонақтар, білім саласының мамандары. Бүгінгі балабақшамызда өткізілгелі отырған  аудандық семинар-практикумға қош келдіңіздер! Семинарымызды бастамас бұрын кіріспе сөз кезегін «Хромтау аудандық білім бөлімінің» басшысы Қосымбаева Метгүл Ораққызына береміз.

Екінші сөз кезегін Хромтау аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеті меңгерушісінің м.а. Раева Айман Баймурзиновнаға береміз.

Үшінші сөз кезегін Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскері Муринова Қымбат Макаримовнаға береміз.      

          

 

Рахмет, ендеше бүгінгі семинарымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бағдарламаға сәйкес «Балабақшадағы басқару мен бақылаудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндаманы назарларыңызға ұсынамыз. Баяндаманы оқитын Мен, балабақша әдіскері Аманжол Дана Аманжолқызы

 

 

Қазір назарларыңызға ұсынатынымыз Музыка ҰОҚ-нде драматизациялық ойын элементтерімен «Шұбар тауық» ертегісі. Мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерімен. Өткізетін музыкалық жетекші Алдиярова Н.К.

 

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы болуға тәрбиелеу мақсатында қимыл-қозғалыс ойындарының атқаратын рөлі ерекше. Ендеше назарларыңызға «Көңілді бүлдіршіндер» тақырыбында екінші кіші топ тәрбиеленушілерімен Дене шынықтыру ҰОҚ-ін ұсынамыз. Өткізетін тәрбиеші Абдигалиева А.М.

 

 

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес». Ойын – таным процесін дамытудың негізі болғандықтан, әрбір тәрбиеші – оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек. Солардың бірі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар арқылы баланың ойы, қиялы, логикалық ойлауы дамиды, жүйелі сөйлеуі қалыптасады, сөздік қоры молаяды. Ендеше МАД тобында логикалық ойындар кірістірілген «Математика әлемінде» тақырыбындағы ҰОҚ-ін назарларыңызға ұсынамыз. Өткізетін тәрбиеші Отегенова А.З.

 

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді.  Ойындардың ішіндегі маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Ендеше назарларыңызда ортаңғы топтағы «Үй жануарлары» тақырыбындағы Сөйлеуді дамыту ҰОҚ-і. Тәрбиеші Горяева А.М.

 

 

Сюжетті-рольді ойындар – мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады.  Сюжетті- рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипаты болады. бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-ролді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Ендеше осы сюжетті-рөлді ойын элементтері қолданылған «Мамандықтың бәрі жақсы» атты МАД тобындағы көркем әдебиет ҰОҚ-ін назарларыңызға ұсынамыз. Тәрбиеші жас маман Жадырасынова А.М.

 

 

Ұжым мүшелерімен, әріптестерімен жағымды қарым-қатынас орнатуда – жүйелі жүргізіліп отыратын психологиялық тренингтердің маңызы зор. Қарым-қатынас дегеніміз – адамдар арасында бір-бірімен байланысқанда туатын күрделі процесс. Қарым-қатынасқа түсе отырып, ұжымда  әріптестер нендей істерді атқара алады және олардың іс-әрекеті мен мінез-құлығында, қабілетінде нендей жағымды істері бар, ұнамды қасиеттері мен олқылықтары кездеседі деген жайттарды анықтауға  болады. Бүгінгі семинар қатысушыларының  көңіл-күйлерін көтеруге, шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздеріне құрметпен қарауға, ұжымдық қарым-қатынас орнатуға бағытталған «Жадырайық! Жайнайық! Жылы лебізімізді сыйлайық!» тақырыбындағы психологиялық тренингімізді арнаймыз. Өткізетін балабақша педагог-психологі Бақытжанова Қ.Ш.

 

 

Құрметті семинар қонақтары! Бүгінгі семинарымыз осымен тәмам. Сіздерге естелік ретінде балабақша ұжымы өз қолдарымен дайындаған кәдесыйларын табыстаймыз