Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Бала заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Бұлақ бастаудан, жылғалардан басталып бара-бара арнасы кеңейіп, өзенге барып құяды. Өзен де жол-жөнекей мың-сан бұлақтармен молайып, айдынға барып қосылады. Дәл осылай, адам баласы да өмірге келіп, тәй-тәй басып, тілі былдырлап шыға бастағанда өмірге лайықты бейімделу үшін, білім мен тәрбие алу үшін білімнің алғашқы баспалдағы – балабақшаға барады. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Баланы нағыз азамат ретінде тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп те осы - балабақша. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – бала қалыптасуының алғашқы баспалдағы.
Ендеше, бағдарлама бойынша тәрбиеші А.М.Горяеваның «Жайдарлы көктем» атты, «Балбөбек» 2 кіші тобындағы Сөйлеуді дамыту ҰОҚ назарларыңызға ұсынамыз.
Балабақша – бала қалыптасуының алғашқы баспалдағы, жәй емес бақыт баспалдағы дер едім. Себебі, бақытты балалықтың бал күндері осы балабақша қабырғасында өтеді. Бала осы жерде өседі, тәрбиеленеді, есейеді. Өз қатарластарымен бірге ойнайды, бірге ас ішіп, бірге білім алады. Алғашқы былдырлаған тақпағын да, ыңылдап салатын әнін де, тербеліп билейтін биін де осы балабақшада жүріп орындайды. Сондықтан, балабақшаның бала дамуындағы орны тым бөлек, дара әрі ерекше.
Ал енді келесі назарларыңызға ұсынатынымыз «Балдәурен» МАД тобындағы ҚМҰҚ ҰОҚ, тақырыбы «Қызықты сандар», тәрбиеші А.М.Жадырасынова
Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл – балдырған, бүлдіршін. Балдырған – сәби жасынан асқан ойын дамытуға, білуге ұмтылған, мінез-құлқынан әдептілік, имандылық көріністері сүйсіндіретін бала, өсер ұрпақ. Балдырған шақта баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі айрықша болады да, тәрбиені, білімді тез қабылдайды. Оқуға, ойнауға, ізденуге құмар болады, әдептілігі қалыптасады. Осыған қарай балдырған тәрбиесі балабақшадан терең әлеуметтік, рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беруді талап етеді.
Келесі назарларыңызға ұсынатын ҰОҚ-міз Музыка. Тақырыбы «Музыка әлеміне саяхат», өткізетін музыка жетекшісі Н.К.Алдиярова, «Балбөбек» ортаңғы тобы.
Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, қарастыру тапқырлық пен іскерлікті, ізденімпаздық пен шығармашылықты қолдана отырып тәрбиелеу балабақшаның міндеті. Балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып жандандырады. Баланы тұлға ретінде дамытады, тәрбиемен сусындатады, өмірге бейімдейді.
Келесі ҰОҚ «Сауат ашу», тақырыбы «Дыбыстар мен әріптер сыры», тәрбиеші А.З.Отегенова, «Балдәурен» МАД тобы.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс–тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында ұрпаққа берілетін тәрбие елбасымыздан бастап ойландырып-толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Ал болашақ ұрпақты талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ етіп тәрбиелеу тек балабақша алдында тұрған міндет. Сондықтан да балабақша – бақыт баспалдағы, балабақша – бақыт мекені, балабақша – бақытты балалықтың ордасы деп толық сеніммен айта аламыз.
Келесі назарларыңызға ұсынатын «Балбөбек» ортаңғы тобындағы ҚМҰҚ ҰОҚ, тақырыбы «Ғажайып математика», тәрбиеші А.М.Абдигалиева
Балабақшада балалар бірі тілалғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық жайдарлы болады. Яғни, аралас орта құралады. Міне, осылардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді. Балалардың өмірдегі іс-әрекетін нығайту – мектепке дейінгі тәрбие жұмысының басты қажеттілігі.
Келесі назарларыңызға ұсынатынымыз психологиялық тренинг, тақырыбы «Шаттыққа толы жүрекпен» деп аталады, тренингті жүргізетін педагог-психолог Қ.Ш.Бақытжанова
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қаситетте тәрбиелеу – қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады. Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, жандандыратыны сөзсіз. Бұл ретте балабақша педагогтарына артылар жүк пен жауапкершіліктің зор екенін сезінеміз. Ендеше құрметті ата-аналар балаларыңызды балабақшадан қалдырмаңыздар.
Осымен бақшаішілік семинарымыз аяқталды, келесі кездескенше қош сау болыңыздар!