Өткізген тәрбиеші : Горяева Алиша Мугауовна.
Барысы:
Абай Құнанбаевтың 175 жылдыгына орай
8-наурызга арналган «Зере әже ізімен» атты әже мен немере сайысы.
Мақсаты: Аналар мерекесін сезіну, бір бірін құрметтеуге баулу,осы мерекеге орай ұлы Абайдың әжесі Зере бейнесі арқылы ұрпақ тәрбиесіндегі әжелер ролін арттыру арқылы балалардың бойындагы шығармашылық қабілеттерін және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар, барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Мерекенің беташар сөзін балабақша меңгерушісі Дана Аманжол қызына беріледі.
Балалар катар музыка әуенімен келіп,әр жерге шашырап тұрады.,артынанан қыздар шыгады ,ортага тұрады. Сол тұрганда әнмен бастайды. Ән: «Ана ,әже»
Балалар орындарына отырады.
Келесі кезек аналарга арналган тақпақтары.
Би: Ер балалар
Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалануЖас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас!
Тәрбиеші:
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын !
- Айарудай ерке немересімен Дамира әжейді ортаға шақырамыз.
2. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Құралай немересі-Аянатпен . 3. Күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі Айгүл әжей немересі Толганаймен ортаға шақырамыз!
4. Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді - деп Нұргүл әжесі немересі Сұлтанмен ортаға шақырамыз!
5 . Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді. әжесі сүйкімді, балабақша қызметкерлерінің бәрі біледі, - деп Айзередей немересімен Қамажай әжейді қошеметпен қарсы алайық!
- Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін ботақандарымыздың асыл әжесі көп балалы ардақты ана Балымай әжей немересі Арсен мен Сәбитті қарсы алыңыздар!
- . Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Әбдінұр ерке немересімен Диана әжейді ортаға шақырамыз.
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
Таныстыру.
Ертегі үзіндісінен ертегі оқу
Салт дәстүр
Мақал мәтел
Асық ойнау
Олай болса Таныстыруды бастаимыз.
2 . Тәрбиеші:
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.—дегендей ертегі үзіндісінен қойылым.
(барлық әжелер немерелерімен тыңдайды )
Тәрбиеші: : Анам мені тербетіп,
Өсіп кеттім ержетіп
Сол бесігім үйімде
Сақтаулы тұр төрімде .- деп бесікке салу дәстүрін көрсетеді.
3 . Бесікке салу дәстүрі
Тәрбиеші:
«Білгенге - маржан» кезеңінде әжелер қазақтың салт - дәстүрлерін ортаға салып , кішкентай немерелерімен мақал - мәтелдер сайысына түседі. Сайысқа қатысушылар дайын болғанша ортаға көңілді би тобын шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Би: Ұлдар биі.
- Мақал мәтел кезеңі.
Қарға баласын “аппағым” дейді.
Кірпі баласын “жұмсағым” дейді.
Ана алдында құрмет,Ата алдында қызмет. Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Ана сүті бой өсіреді,
5. Тәрбиеші:
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.
Ханталапай. Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі –«Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарй шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын жеделдету,Жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру
Асық ойнаған — ақтық,
Доп ойнаған — тоқтық.
Балалар асық ойнаиды
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті «Шаңырақ» бала бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!
Ертеңгілік сайысымыз сіздерге арналган әнмен аяқталады.
Ән: «Көктем»
Балалар қолдан жасаган гүл сыйлықтарын әжелеріне ,апайларына тарту етеді.