Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы»
Мақсаты: Балаларды кітапты құрметтей білуге, ұқыптап ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Ақыл, ой-өрісін дамыту.
2.Білім ордасын, ұстаздарын.құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: топсаяхат
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, ойындар, слаид кітап туралы
Ертеңгіліктің жоспары:
1.Кіріспе
Барысы: Ұйымдастыру:
Құрметті қонақтар! «Кітап – білім бұлағы» атты топсаяхаттқа қош келдіңіздер!
Қуанышты шеңбер :
Ақ тілегімізді қабыл алыңыздар.
Еліме тыныштық тілеймін,
Күніміз жарқын болсын.
Аспанымыз ашық болсын,
Наның көп болсын.
Қайғымыз жоқ болсын,
Айтқан лебіздеріміз қабыл болсын!
Сабақтың тақырыбын ашу.
Жұмбақ жасыру .
Қабат - қабат қаптама.
Көп әңгімем өлеңім,
Ақылың болса аттама.
Күнде ақыл беремін
(Кітап)
Жақсы көрсе мені кім
Менде оны жақсы көремін (кітап)
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
(Кітап)
Кітап – рухани байлығымыз.
Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпақа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дейді.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбеитін жау,алынбаитын қамал жоқ. Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар . 2- Сәуір «Халықаралық балалар кітабы» күні. 23- Сәуір «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады екен. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: « Кітап- білім бұлағы» деп аталады.
Слаид : Кітап қалаи шықты?
Қане балалар, кітапты қалай жақсы көретініміз туралы аитып өтейік !
Балалар тақпақтары:
Араилым:
Кітап оқу бұлағым,
Оқытатын ұстазым.
Кітапта бар даналық ,
Оқып ,біліп алайық!
Ажар:
Кітап-сенің қазынаң, Кітап сенің жан досың.
Біліміңді асырар , Кітап-сенің бақ құсың!
Толғанай:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді,
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Нұрайым:
Кітабыңды құрметте»
Күтіп ұста кірлетпе!
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке!
Асылай:
Орманшының аялы
Алақаны өсірген,
Сансыз ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген.
Ернар
Оқулығың құралың
Жағар білім шырағын
Баса алмаисың ешқешан
Олсыз алға бір адым.
Әзиз: мақал
«Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің наны тәтті»
Сергіту сәті.
--Жараисыңдар! Сендерге кітапты көп оқып бере ме?
Қандай ертегілерді білесіңдер?
Ойын: «Суретті сөйлет»
Балалар суреттерге қарап ертегінің атын аитады .Слаидтан қарап аитады.
--Балалар сендерге ертегі кейіперлері сендерге викториналық сұрақтар алып келіпті.
- Кітаптар тұрағы қалай аталады? (кітапхана)
- Кітаптармен жұмыс жасаитын маман қалай аталады? (кітапханашаы)
- Кітапханаға үнемі барып кітап оқитыын адам қалай аталады? (Оқырман)
- Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана)
- Кітапты жазған адамды қалай атайды? ( Автор)
- Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіңдер? «Ұлан», «Балдырған» , «Мөлдір бұлақ»
- Дүние жүзілік кітап күні қай күн? (23 сәуір)
- Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады? («Атамұра», «Мектеп», «Алматы кітап»
Ойын : «Иә- жоқ» ----------- Кітап нені сүйеді?
Кітап белгі бауын «Иә» ,---------- Қарды не жаңбырды «жоқ»
Кір қолды «жоқ» ,------------- Ұқыпты ұстағанды «Иә»,
Қуырған жұмыртқаны «жоқ» , ----------- Еденде жатқанды «жоқ» ,
Білгіш балаларды «Иә» ------------------ кітап сөресінде тұруды «Иә»
Кітапханаға топ саяхат.
Кітапханашы оқушыларды кітапханамен таныстырады, кітап туралы мағлұмат береді. Кітапты пайдалану туралы ережемен таныстырады.
Кітап туралы ережелер:
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.
7. «Кітап -- сенің досың» екенін ұмытпа!
Нақыл сөздер.
1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
2. Кітап - құдіретті қару.
3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім.
4. Кітап - өмір ұстазы.
Міне балалар, кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп, сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді. Кітапты сүйіңдер, кітап - асып таспайтын асыл досымыз.
Қорытынды сұрақ жауап .
Айғайлап айтып жатыр ақын әнін,
Жырға қоссақ білімнің атырабын.
Бар адамды шетелдік кино емес
Кітаптарды оқуға шақырамын !
Тәрбие сағатымызды зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.