Білім беру саласы:Таным

 

Бөлімі:Сенсорика

 

Тақырыбы: «Түстер әлемі»

 

Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.

 

Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал- жабдықтарды дайындау, «Түстерді қайталау».

 

Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары.

 

Дидактикалық құралдар: шарлар, түрлі- түсті гараждар, машиналар, пішіндер, пирамида.

 

Блингвистикалық компонеті: Қызыл - красный, көк – синий,сары - желтый,жасыл – зеленый.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Көңіл күйлерің қалай?

-Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

 

Шаттық шеңбері

 

 

Табиғат –біздің анамыз,

табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

біз әдепті баламыз!

Қыс мезгілі,қыс айларын атап қайталату.

 

Баланың оқу-қызметіне кірісуіне түрткі болу:

Балалар,көзімізді жұмайықшы. Қазір біздер «Түстер әлеміне» саяхатқа барамыз. Топқа     

әсем әуеннің ырғағымен түстер әлемінің еркесі Еркетай кіреді.

Сәлеметсіздер ме, балақайлар!

Менің түстер әлеміме қош келдіңдер! Мен осы түстер әлемінің еркесімін. Менің  атым -Еркетай.

 

Проблемалық жағдай орнату

Балалар қараңыздар, бізге бүгін Күн  күлімдеп тұр, күннің түсі -сары.

 

 

Сендер бүгін түстер әлеміндегі көптеген түстердің тапсырмаларын орындауларың керек. Менімен бірге орындауға дайынсыңдар ма?

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

 

1-тапсырма:

Төрт түсті шарды үрлеу әдісі арқылы түстес  стакандармен көтеру .

 

 

2-тапсырма:

Түрлі түсті пирамиданы түсіне қарай жинастыру.

 

 

Сергіту сәті.

Кел,балақан,балақан,

Шапалақта алақан,

Жай-жай-жай.

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ қол соқ енді,

Сарт-сарт-сарт.

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді

Жай-жай-жай.

Еркетайдың үшінші тапсырмасы.

 

3-тапсырма:

Жұмбақтар шешу:

1.Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.  (қар)

2.Суға тисе көпіреді, кіріңді кетіреді. (сабын)

 

Дид. ойын:«Қысқы киімдерді ата және киіндір»

Шарты:Үлестірмелі материалды пайдаланып,суреттегі ұл мен қыз баланың киімін табу, киіндіру, түсін атау;

 

                         

 

 

Балалар қазір жылдың қыс мезгілі, ал қыс мезгілін қандай түске бейнелеуге болады?  (ақ шар көрсету)

Ал маған қыс,аппақ қар  туралы тақпақ кім айтады?

Дәмелі:Міне тағы қыс келді, шашу етіп ақ қарын!

Марлен:Құлақшынды кимесең,құлағыңды тістеген!

Асылым:Аязың үскірік, көңілді тұр бұзып!

Ерасыл:Дала аппақ,қар қалың, қош келдің қыс айы!

Санира:Қандай суық қыс деген, қалтырайды қыс деген!

Айкөркем:Айнала аппақ түске енді,қар жамылды бақтарым!

Алишер:Айнала қар үйілді,ақ халатын киінді!

Жарайсыңдар балалар,қыс,қар туралы көп тақпақ біледі екенсіңдер,рахмет!

Балалар,енді Еркетайдың соңғы тапсырмасын орындайық:

 

4-тапсырма:

«Түстер еркесінің көйлегін сәндеу»

Балалар,біз «Түстер әлемінің» тапсырмаларын орындадық.Саяхатымыз аяқталды.Енді көзімізді жұмып, түстер еркесі Еркетаймен  қоштасайық!

 

 

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

Қане, балалар шеңберге тұрайықшы. Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл   түстерімен таныстық.  

Балалар біздер түстер әлемінің тапсырмаларында орындап бітірдік. Тапсырмаларымыз да аяқталды. Сендерге бүгінгі тапсырмаларымыз ұнады ма? Сендерге түстер әлемінің сыйлығы бар. (түрлі- түсті шарлар,тәттілер сыйлау).