Өткізген: Педагог- психолог:Бақытжанова Құралай Шафиховна
Тақырыбы: «Жадырайық! Жайнайық! Жылы лебізімізді сыйлайық».
Мақсаты: Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, бір біріне жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлап,топтасып жұмыс жасауды дамыту.
Қатысушылар: тәрбиешілер.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
Тәсілі: тәжірибелік жаттығулар, жағдаяттар тапсырмалары, сұрақ-жауаптар.
Көрнекілігі: ноутбук, интерактивті тақта, магнит тақтасы, сұрақ карточкалары.
Алтын ереже:
- Ойымызды ашық айтамыз;
- Бір-бірімізді тыңдаймыз;
- Бір-бірлеп сөйлейміз;
- Белсенді қатысу;
- Бір-бірімізге сый көрсету.
Барысы:
1.Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері:
Тәрбиешілер қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
1.«Сыйлық » жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас тудыру.
Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қатысушылар кезекпен, қобдишаның ішінен сыйлықтарды алып шығады. Сыйлықтар – әр түрлі көңіл-күй күлкілер (смайлдар) бар тілектер. Әртүрлі күлкілі эмоцияларды қатысушылар алып, керісінше бетіндегі жылы лебіздерді оқып, қалаған қатысушыға береді. Тілек соңында, қыстырылған шоколадтарды ұсынып, «Өміріңіз осындай тәтті болсын» деген лебізбен аяқтайды.
«Мен сізден үйренемін» жаттығуы
Қатысушылар бір-біріне еркін түрде «Мен сізден үйренемін …» сізден айтып қолындағы гүлді (айтып тұрған адам гүлді бағыттаған адамның бойына сөзін айтып ұсынады (айтып тұрған адам гүлді бағыттаған адамның бойынан өзі ерекше бағалайтын құнды кәсіби немесе жеке қасиеттерін айтады). Гүлді қабылдаған адамның міндеті – айтылған ойды құптамас бұрын «Иә, менен … (ұқыптылықты) үйренуге болады» немесе «Иә, мен … үйрете аламын» деу. Сосын гүлді келесі қатысушыға бағыттап ойынды жалғастыру қажет.
- «Ғажайып әлемінде»
Мақсаты: Қатысушылардың әр қиын жағдайлардан жағымды жол іздеп тауып шығуға бағыттау. Көңілдерін көтеру, қиялын дамыту. Өмірде, жұмыста болатын сан қилы қиыншылықтарға мойымау, әрдайым жолын тауып, позитивті түрде баға беруге баулу.
Нұсқау: Қатысушыларға ерекше шапан ұсынылады. Оның ерекшелігі, шапан киген адам, қиын жағдайдан міндетті түрде позитивті жолын ойлап шығуы қажет. Мысалы: «Сіздің жалақыңызды екі ай мерзіміне қысқартты …» Қатысушы тәрбиеші осы жағдаятқа жағымды жолын тауып шығады. Оның жауабы: «Алақай келесі айда, екі есе көп жалақы алам» немесе «Өзіме көптен бері қолым жетпеген тонымды алам» деген сияқты жауаптар қабылданады.
Басқа да жағдаяттар:
1.Сіз жұмысқа бір сағат уақытында кешігіп келе жатырсыз. Сіздің жолда аяқ киіміңіз жыртылып сынып қалды …
Бастығыңыз сіздің істелінген жұмысыңызға көңілі толмай, сізге ұрысты …
2.Басқа топпен қарағанда, сіздің тобыңыз оқу процесі барысында ең төмен нәтиже көрсетті …
3.Меңгеруші сіздің дұрыс істелінбеген жұмысыңыз үшін, сізге айқайлап ұрысты …
4.Сізді қырық баладан тұратын топқа тәрбиеші етіп қойды …
5. Балалар мониторинг барысында барлығы төмен нәтиже көрсетті …
6.Сізді жұмыста қысқартуға түсіп қалдыңыз …
7.3 күн қалғанда сізге ауданға өткізілетін ашық оқу қызметін берді. Бұл жаңалық төбеңізден жай түскендей болды …
Тәрбиешілер кезекпен шығып, ерекше шапан киіп, жағдаяттарға жауап іздейді.
Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы
«Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.
Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Талдау.
Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Бұлттың суреті- алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.
Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.
Талпынған бала, талпынған құстай ,
Құмары қанбас ,аспанға ұшпай»,-деп бабаларымыз дәл тауып айтқан. Қазір ХХI ғасырда ең бірінші орынға білім қойылады.Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсен ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз.Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз.Ал сол білім нәрін беруші-Ұстаз.
Қадірлі тәрбиешілер! Дұрыс берілмеген тәрбие жеріңді құм қылып, жерге қаратары анық. Сондықтан балаға кішкентайынан түзу тәрбие берейік. Бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөлсек, еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Біздің елеміздің болашағы біліммен қаруланған-білімді ұрпақтың қолында.
Қорытынды. «Әсем ән» жаттығуы.
Мақсаты: адам бойындағы жағымсыз эмоцияны өлең айту арқылы шығару.
Нұсқау: Психолог қатысушыларға өлеңнің сөзін таратады, қатысушылар әуеніне қосылып отырып, ән шырқайды.
VІ. Қорытынды кезең.