Тақырыбы:«Жақсы көңіл күй, жан азығы»
Өткізген: Педагог- психолог:Бақытжанова Құралай Шафиховна
Қатысушылар: Меңгерушілер,әдіскерлер,тәрбиешілер
Жұмыс түрі: Тренинг
Ұстаздар саны:
Күні: 14.03.2018 жыл
Қажетті құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, қорапшалар, сөмке,күн т.б
Мақсаты: Бұл тренинг педагогикалық ұжымды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады.
Міндеттері:
Топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру;
Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту;
Педагогтардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.
Педагог-психолог: Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар!
Ұстаздарға өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы әріптестерімізбен жағымды қарым- қатынас орнатып, көңіл- күйлерімізді көтеруге бағытталған.Бүгін біз бір - бірімізбен жақынырақ танысатын боламыз. Ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз.Сіздерді топтық жұмыс ережесімен таныстырып өтейін:
— «қазір және мұнда»;
— шынайы болу;
— жауапкершілік;
— «тыңдап ал, содан кейін айт»;
— белсенді болу.
Психолог:.Әріптестерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға ойыншыларды шағырмас бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріп алайық:
Нұсқау:
- Бала кезден мұғалім болуды армандағандар
- өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар
- Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар
- Өз жұмысының нағыз маманымын дейтіндер
- 10 жылдан астам педагог болып жұмыс жасап келе жатырғандар
- Тренингке бірінші рет қатысып отырған жандар
- Наурыз айында дүниеге келгендер
Қыздыру жаттығуы «Өзін-өзі бағалау».
Мақсаты: шаршағандықты басу, психологиялық және коммуникативтік жайлылықты жасау, әріптестеріне деген қызығушылығын ояту.
Қатысушылар шеңберге тұрады.
Тапсырма.
Сіздің басым эмоциялық күйіңіз айналадағылармен жағымды қатынасқа түсуге көмектеседі деп ойласаңыз – шапалақтаңыз,
- Егер сіз айналадан қандай дыбыстар шықса да, тек жақсы сөздерді еститін болсаңыз – көршіңізге күлімсіреңіз;
- Егер сіз әр адамның жеке өзіндік эмоциясын білдіру стилі болатынына сенімді болсаңыз – мұрныңыздың ұшына қол тигізіңіз;
- Егер сіз дүкенде сатушы күлімсіремеді деп, ұсынылған киімді киіп көруден бас тартсаңыз – басыңызды шайқаңыз;
- Адамдармен келіспеушілік болған жағдайда, сіз дауласудан бас тарта алмасаңыз – аяқпен тарсылдатыңыз;
- Егер сіз ашуыңызды жұдырықпен ұрып білдіретін болсаңыз өзіңізді айналыңыз;
- Егер сіз таныстарыңызды өзгеше әрекетпен таңғалдыратын болсаңыз — қолыңызды бұлғаңыз;
- Егер сіз кейде өзіңізге тиесілі жақсының барлығын кейде алмайтын болсаңыз – аузыңызды қолыңызбен басыңыз;
- Егер сіздің басыңыздан өткеріп жатқан теріс эмоциялар тек жағымсыз әсер көрсететін болса – басыңызды изеңіз;
- Тәрбиеленушілеріңіздің эмоциясы сіздің эмоцияңызға байланысына сенімді болсаңыз «иә» деп айтыңыз.
Жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз.Ол үшін жеті- жетіден екі топқа бөлінеміз.Менің қолымда ертегі кейіпкерлерінің суреттері бар .Сіздер кезекпен келіп бір- бір кейіпкерден аласыздар, екі үстелде «Бауырсақ» , «Шалқан» ертегілері деп жазылып тұр. Қолыңыздағы кейіпкерлерге байланысты үстелдерге жайғасамыз.
Көрісу:
14 наурыз Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.Олай болса екі топтан бір- бір адамнан шығып бүгінгі мерекеге орай бір- бірімізбен көрісеміз.
- Таныстық тренингі
Қатысушылар екі - екіден бөлінеді. Сонан соң бұл жұптар жан - жаққа тарасады. Оларға 3 - 5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде жұптар бір - біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Әркім өз тұлғалық қасиеттерін, соның ішінде оңды тұстарын алдыңғы орынға шығарғаны дұрыс. Жұптардың міндеті бір - бірін тыңдап болғасын біреуі екеуіне ортақ 3 ұқсастықты, ал екіншісі 3 айырмашылықты атайды. Осылайша әркім өз жұбын топқа таныстыру. Қатысушылар оларға нақтылайтын сұрақтар беруі мүмкін.
Рахмет,( бір - бірін арқадан қағып қоюға болады), міне біз таныс болдық, бір - бірімізге қарай алғашқы қадамдарымызды жасадық.
- «Сыйлық» ойыны :
Менің қолымда сыйлық қорапшасы бар .Қорапта кішкене қорапшалар бар.Әр қорапшада стикерлер жабыстырылған.Сіздер осы қорапшаларды алып стикерлерге жағымды қасиеттерді жазасыздар. Жазып болған соң,осы қасиеттер кімге лайық деп ойлайсыз сол адамға сыйлықты табыстаймыз. Қайсыңыз көп жинадыңыз?
Әрине барлығыңызда алған боларсыздар. Олай болса ортамызда жақсы
жандардың бар екендігіне өзімізді бақытты деп сезінейік.
- «Аталған мөлшерде кісі қатарының алға шығуы»
Мұғалімдер ұжымы - үлкен бір команда. Бәрінің қызметі бір - біріне тәуелді. Сондықтан ұжымның бірін - бірі сезіне қимылдауы маңызды нәрсе. Бұл тренинг бізге ұжымда бірлесе әрекет ете білуге және қарым - қатынасымыздың жақсаруына көмегін тигізеді. Бәріңіз бір қатарға сап түзеп тұрыңыздар. Мен жүргізуші ретінде осы саптағы адам санынан аспайтын мөлшерде бір санды айтамын. Сонда саптан бірден сонша адам ырғып шығуы керек. Кеңесуге тыйым салынады! Жаттығу нәтижеге қол жеткізгенше қайталана береді. Әр ретте әрқандай сан аталады (бір - бірін тіл қатпай - ақ түсіну сезімі пайда болады).
Талқылау
- Сізге қиын болған жоқ па?
- Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз, қандай сезімдер пайда болды?
- Қанеки, бір - бірімізді арқадан қағып қояйық! Жарайсыңдар!
- Рефлексия
Құрметті әріптестер ,біздің кездесуіміз аяқталып келе жатыр .Сондықтан өз ойларымызды ортаға салып,бір- бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Тренинг сіздерге не берді? Қандай сезімде болдыңыз? Ұсыныс ,тілектеріңіз болса айтыңыздар.
Жеке өмірге арналған кеңестер:
1- кеңес Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі біздің уақытымызда орындалуы қиын кеңестердің бірі. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда асығамыз? Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастап, бір аптаға жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып дағдыланыңыз!
2- кеңес Әр күніңізді келесі рецептімен дайындаңыз:
-12 порция ақылдылық
-11 порция шыдамдылық
-10 порция батылдық
-9 порция жұмысқа қабілеттік
-8 порция оптимизм
-7 порция өз ісіне берілушілік
-6 порция ойлануды
-5 порция мейірімділік
-4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
-3 порция юмор
-2 порция такт
-1 порция әр балаңызға, оқушыңызға үміт артыңыз!
Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз.
«Астарыңыз» дәмді болсын. Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!
Қортынды:
Құрметті әріптестер! Біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті.Бірақ біздің жолымыз әлі соңына жеткен жоқ,біз әрдайым қозғалыстамыз.Олай болса ғасырдың жаңашыл, шығармашылықтарың толағай табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға тілектеспін. Жақсы көңіл күй жан азығы демекші жандарыңыз таза, көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болсын құрметті әріптестер! Шаршаған күйзелістеріңізден сергіп қайттыңыздар деп ойлаймын.
-Бүгінгі психологиялық тренингтен өзіңізге жақсы әсер алды деген сенімдемін!
Қатысқандарыңызға рахмет!