Мектепке дейінгі білім беру, тәрбие мен оқытудың озық үлгісін қалыптастыруда цифрлық ресурстарды қолдану мен өзара тәжірбие алмасудың маңызы зор. Осыған орай, ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ және  BilimKids.kz мектепке дейінгі білім беру платформасы бірлесе ұйымдастырған «Үздік жаңашыл тәрбиеші» республикалық байқауының басталғанын қуана хабарлаймыз. 
 

BilimKids.kz мектепке дейінгі білім беру платформасы және ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ бірлесе ұйымдастырған 
«Үздік жаңашыл тәрбиеші» республикалық байқауының  ережесі
 
1. Байқау 25.10.2021 – 25.11.2021 аралығында өтеді. Байқауға қатысу тегін.
 
2. Байқауға қатысушылар: 
2.1. Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін мектепке дейінгі білім беру саласының педагогтері (арнайы мамандықтар); 
2.2. балабақшада, шағын орталықтарда еңбек ететін тәрбиешілер; 
2.3. мектепалды даярлық сыныптарының мұғалімдері;
2.4. мектепке дейінгі білім беру саласында, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталықтарда жұмыс істейтін, еңбек өтілі 1 жылдан асатын әдіскерлер, тәрбиешілер, пән мұғалімдері мен жас мамандар. 
 
Бұл ретте «Үздік жаңашыл тәрбиеші» байқауына қатысу үшін қатысушының www.bilimkids.kz платформасына жазылуы міндетті емес.
 
3. Байқаудың мақсаты: 
АКТ құралдарын қолдану дағдысын дамыту және www.BilimKids.kz платформасы арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру; 
http://rc-dd.kz/ сайтындағы оқу-әдістемелік құралдарға сүйеніп, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту жүйесіне қолдау көрсету, мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтердің мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша тәжірибе алмасуы және оны тарату.

4. Жүлде қоры: 
1-орын: 300 000 теңге және Жеңімпаз дипломы
2-орын: 200 000 теңге және Жеңімпаз дипломы
3-орын: 100 000 теңге және Жеңімпаз дипломы


5. Барлық қатысушы байқауға қатысқанын растайтын Сертификаттармен және жеңімпаздар Дипломмен марапатталады.

6. Байқау  шарттары:
6.1. Мектепке дейінгі мекеменің (шағын орталықтың, мектепалды даярлық сыныбының) кез келген жастағы тобына пән бойынша ҰОҚ әзірлемесін жасау. 
6.2. ҰОҚ әзірлеуге қатысты ұсынымдар:
6.2.1. http://rc-dd.kz/ сайтындағы оқу-әдістемелік құралдарды қолдану;
6.2.2. bilimkids.kz материалдарын қолданып, видео түсіру;
6.2.3. видеоны әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялау;
6.2.4. видеоның сілтемесін ҰОҚ әзірлемесіне қоса тіркеу.
Бұл ретте міндетті түрде видео түсіру талап етілмейді. 
6.3. Егер қатысушы bilimkids.kz платформасына жазылмаған болса, платформаға  кіріп, ТІРКЕЛУ батырмасын басып, электрондық пошта арқылы тіркелуі қажет.
6.4. Қатысушы bilimkids.kz платформасына жазылған жағдайда платформаға өз аккаунтының логині мен құпиясөзін қолданып кіре алады.
6.5. ТӘРБИЕШІГЕ бөліміндегі ҰОҚ ЖОСПАРЛАРЫ бетіне өту. 
6.6. ЖОСПАР ҚОСУ батырмасын басу. 
6.7. ҰОҚ әзірлемесін цифрлық форматқа көшіру.
6.8. Жариялау шарттарын қабылдау.
6.9. САҚТАУ батырмасын басу.

7. Байқауды өткізу қағидалары:
7.1. Бір қатысушы байқауға жолдай алатын жұмыс санына шектеу қойылмайды.
7.2. Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған барлық жұмыс қатыстырылады.
7.3. Байқауға авторлық жұмыстар ғана қабылданады, плагиат үшін материалды жариялаған қатысушы жауапты болады. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңға қайшы келетін жұмыстар байқаудан алынып тасталады.
7.4. Жұмысын байқау басталмай тұрып жүктеген және бұған дейінгі «Үздік жаңашыл тәрбиеші» байқауының екі кезеңіне қатысқан қатысушы жаңа жұмыс жүктеген жағдайда ғана осы Байқауға қатыса алады. Бұған дейін жолдаған жұмыстары байқауға қатыстырылмайды.

8. Байқау жұмыстарының мазмұнын мектепке дейінгі білім беру саласындағы білікті әдіскер мамандардан құралған комиссия мүшелері бағалайды.

9. Жұмысты бағалау критерийлері:
9.1. Жұмыстың мазмұны:  ҰОҚ қолданылатын материалдардың мазмұны мен сапасының, ондағы әдіс-тәсілдердің, АКТ мен көрнекіліктердің (суреттер, бейнематериалдар) мектеп жасына дейінгі балалардың жастық және психологиялық ерекшеліктеріне, таңдалған тақырыпқа, өткізілу мерзіміне, мектепке дейінгі білім беру стандарттарына сай болуы.
9.2. өзектілігі мен шығармашылық дарын деңгейі: әртүрлі тапсырмалар құрастыру және балалардың қызығушылығын арттыра түсу, ҰОҚ мақсатына қол жеткізуде креативті тәсіл қолдану.
9.3. жұмыстың безендірілуі: мәтіндер грамматика мен стилистика нормаларына сай болуы керек, бейнематериалдар сапасы жоғары әрі эстетикалық талғамға сай болғаны абзал.

10. Байқау www.BilimKids.kz платформасында онлайн өтеді.

11. Байқау қорытындысы 30.11.2021 ж. жарияланады.

Сәттілік тілейміз!